Топ-15-ке енген отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігі қарашаның 15-18 күндері "Қоныс" спорт кешенінде өтпек.
Жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60 келі салмақ бойынша дзюдодан “Grand Slam” турнирінің жеңімпазы, жақында әскерилер арасындағы дүниежүзілік додада топ жарған Нұрқанат Серікбаев, Орынбасар Талғатпен белдесіп, есе жіберді. Осылайша әлемдік рейтингте топ 15-ке енген отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы маусымға ұлттық құрама мүшелері жасақталады.
Бұл додадаға республика бойынша 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы есеп бойынша 500-ге жуық дзюдошы бақ сынап жатыр.