Ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайрат тағы бір қызметінен қуылды

Редактор
Бүгін, 14:43

Қазіргі таңда ерікті қамауға алынған

instagram/01pk

Пара үстел теннисі федерациясының президенті болған Перизат Қайрат қызметінен босатылды.

«Қазақстан Республикасының Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу жүргізілуіне байланысты енді ұйымның президенті болып саналмайтынын хабарлады. Шешім 2024 жылдың 14 қарашасында федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды. Ол тағайындалғалы бері оның басшылығымен бірде-бір ресми кездесу немесе жұмыс туралы бұйрықтар өткізілмегенін атап өтеміз. Пара үстел теннисінің және спортшыларымыздың дамуына қолдау көрсете отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысымызды жалғастырамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Перизат Қайрат аталмыш қызметке қазан айының соңында тағайындалған еді.

Материалда: