UFC чемпионы Нұрқожа Қайпановтың әдісіне жоғары баға берді

Редактор
19.11.2024, 10:05

Албанияда өткен әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов топ жарған еді

Видеодан кадр

Еркін күрестен Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, UFC-де екі салмақ бойынша әлемнің экс-чемпионы Генри Сехудо қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпановтың бозкілемдегі сәтті әдісіне талдау жасады.

Таяуда ғана Тиранада олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында еркін күрестен чемпион атанған отандасымыздың қарсыласына күрделі әдіс жасап, жеңіске жеткен еді. Осы ретте әлемнің танымал спортшысы отандасымыздың шеберлігіне тәнті болып, оны қалай орындайтынын көрсетті.

«Мен 70 келіде әлем чемпионы атанған балуанның әдісіне талдау жасаймын. Ол әдісті Қазақстан спортшысы Қайпанов әлем чемпионатында орындаған еді», - деді Генри Сехуда.

Айта кететін жайт, 28-31 қазан күндері Албанияда өткен әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов топ жарған еді. Ол отандық еркін күрес тарихында әлем біріншілігін ұтқан екінші балуан атанды. Сонымен бірге бұл сында грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын, әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс жүлдегер атанды.

 

Материалда: