Дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогында күреседі

Редактор
21.11.2024, 19:52

Жарыс Грекияның Салоники қаласында өтеді

ҰОК

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекияның Салоники қаласында өтетін Еуропа кубогында сынға түседі. 23-24 қараша күндеріне өтетін додаға барлығы 30 елден 476 дзюдошы татамиге шыққалы отыр.

Бұл жарысқа қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының тізімі бекітілді.

Ұлдар:
-50 кг: Даниял Сейілхан;
-55 кг: Аслан Ерғалиев;
-55 кг: Бекнұр Амангелді:
-60 кг: Марғұлан Игілік;
-60 кг: Ержәнібек Тұрысбек;
-60 кг: Алтынбек Қонысбай:
-60 кг: Нұрдос Досберген;
-66 кг: Кирилль Байдәулетов;
-81 кг: Расул Мұқым;
+90 кг: Ералы Базаркатов;
+90 кг: Әділжан Жаудинов.

Қыздар құрамасы:
-48 кг: Әсел Русланова;
-48 кг: Гүлхан Шыңғысхан;
-48 кг: Айдана Анварова;
-57 кг: Кира Хегай.

Бұл сынға Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылар Мейірлан Баймаханбетов, Алмас Несіпберлинов бастап бармақ.

Материалда: