Амангелді Сейітханның ұлын сынаған ресейлік комментатор қомақты сыйақы алатын болды

Редактор
Бүгін, 11:38

Оған 1 миллион рубль көлемінде сыйақы берілді

«Матч ТВ»

«Матч ТВ» комментаторы Георгий Черданцев 2024 жылғы Ресейдің үздік спорт журналисі атанды. Танымал комментатор «Спорттық Парнас» ұлттық спорт сыйлығының «Жыл журналисі» аталымында жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ марапатқа «Советский спорт» газетінің бас редакторы Евгений Слюсаренко мен «Россия 24» телеарнасының тілшісі Станислав Редикульцев ұсынылған. Марапаттау рәсімі Ресей Федерациясы Спорт министрлігінің ғимаратында өтті. Жеңімпазға 1 миллион рубль көлемінде сыйақы берілді.

Айта кетейік, Георгий Черданцев бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке сұрақ қойған марқұм Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітханды сынға алған болатын.

Ол қазақстандық әріптесіне «Құрылысқа барып жұмыс істесін» деп тіл тигізген еді.

Материалда: