Қазақ қызына үйленген канадалық хоккейшіні Ресей клубынан қуып жіберді

Редактор
27.11.2024, 14:11

Диц Омбы клубы сапында 18 ойынға қатысты

championat.com

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысын Ресейдің «Авангард» клубы қуып жіберген.

«KHL Трансфер» телеграм-арнасының хабарлауынша, Даррен Дицтің «Авангардпен» келісімшарты қорғаушының жарақат алуына байланысты клубтың бастамасымен бұзылған.

Жалпы, биылғы маусымда Диц Омбы клубы сапында 18 ойында 4 (1+3) ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетейік,ол 2019 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада өнер көрсеткен. Бірақ кейін еліміздің атынан ойнауды тоқтатты. Бірнеше жыл Астананың «Барыс» клубының намысын қорғады. Тіпті, 3 жыл бұрын Іңкәр есімді қазақ қызымен шаңырақ көтерген. Ортақ баласы бар.

Материалда: