Тарихта тұңғыш рет: Михаил Шайдоров Гран-при финалына қатысады

Редактор
27.11.2024, 23:13

Финал 5-8 желтоқсанда Францияда өтеді

ҰОК

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалына өткен тұңғыш қазақстандық атанды.

Жерлесіміз Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізіп, сол арқылы финалға қатысушылардың қосалқы тізіміне ілікті.

Ал бүгін, 27 қарашада, француз мәнерлеп сырғанаушысы Адам Сяо Хим Фа соңғы жарысында жарақат алып, Гран-при финалына қатыса алмайтыны белгілі болды. Осылайша, қосалқы тізімнің көшбасшысы ретінде Михаил Шайдоров финалға қатысуға шақырту алды.

«Өзім сене алар емеспін, ойымды жинақтай алмай тұрмын. Мен Гран-при финалына қатысатын бірінші қазақстандық боламын. Керемет сезім», - деді Шайдоров.

Гран-при финалы 5-8 желтоқсанда Францияда өтеді. Михаилден бөлек пройдет ерлер арасында Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма, Сюн Сато (екеуі де — Жапония), Кевин Аймо (Франция) және Даниэль Грассль (Италия) бақ сынайды.