Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионы атанған Қайпанов бір айдан соң жаттығуды бастады

Редактор
02.12.2024, 16:21

Оған кәсіпкерлер құны 50 мың долларлық көлік пен бір үйір жылқы тарту етті

Видеодан кадр

Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған Нұрқожа Қайпанов жаттығуға оралды.

Еркін күрестен 70 келіде әлем чемпионы атанған балуан ел аумағында түрлі шараларға қатысқан болатын. Араға уақыт салып спортшы жаттығу залына келгенін мәлімдеді.

«Ұзақ демалыстан кейін жаттығуды қайта бастап жатырмын», - деп жазды Нұрқожа Қайпанов.

Тиранада өткен біріншілікте қазақстандық балуан 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін уақытынан бұрын ұтты. Ал финалда жапон спортшысын 5:3 есебімен қапы қалдырды.

Елге оралған соң спортшыға "Сәду Арена" еркін күрес академиясының негізін қалаушы Ерлан Қожасбай құны 50 мың долларлық көлік сыйлаған болатын. Кейін спортшыға Ақтөбеде кәсіпкерлер бір үйір жылқыны тарту етті. Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде балуанға бағалы сыйлықтар табысталды.

Жарнама
Жарнама