Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Токио Гранд Слэмінде күресетін қазақ дзюдошыларының қарсыласы белгілі болды

Редактор
06.12.2024, 20:29

Әйелдер және ерлер құрамасынан 11 дзюдошы белдеседі

t.me/kazjudoteam

Токиода өтетін Гранд Слэм турнирінде белдесетін қазақстандық дзюдошылардың қарсыласы анықталды. Аталған сында еліміздің әйелдер және ерлер құрамасынан 11 дзюдошы белдеседі.

60 келіде Дәурен Сүйеукенов турнирді екінші айналымнан бастайды. Ол Бразилия балуаны Мишель Аугустомен күреседі. Ал осы салмақтағы тағы бір спортшы Шерзод Давлатов Румыния-Моңғолия балуандары жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтамақ.

73 келіде Бақытжан Әбдірахманов бірінші белдесуінде Румыния дзюдошысы Луциан Борспен татамиде кездеседі.

Жалғас Қайролла (81 келі) жапон балуаны Каито Аманомен сынға түседі.

90 келіде Мейірлан Максим оңтүстіккореялық Ли Нам Бонмен бірінші айналымдар өзара үздікті анықтайды.

-100 келіде Әділет Сапарғалиев екінші айналымнан жарыс жолына шығып, моңғол балуанымен 1/8 финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Әйелдер арасында Толғанай Әбеуова (52 келі) іріктеу кезеңінде жапониялық Нанако Цубонемен кездеседі. 57 келіде Дана Әбдірова Моңғолия балуанымен, ал 63 келіде Самалай Ерғалиева Жапония өкіліне қарсы әлеуетін байқайды. +78 келіде Карина Такиева мен Назгүл Маратованың да қарсыласы жеребе бойынша жапон дзюдошылары болып отыр.

Аталған турнир 2024 жылдың соңында ең ірі дода болғалы отыр. Бұған дейін қазақ дзюдошылары Загреб Гран Приі мен Абу Даби Гранд слэмінде күресіп, жүлделі орындарға ие болған еді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: