Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин 2028 жылғы олимпиаданы талқылау үшін Швейцарияға барды

Редактор
07.12.2024, 14:22

Ол Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) штаб-пәтеріне барған

ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев ресми іс-сапармен Лозаннаға (Швейцария) барды.

Қазақстан ҰОК басшылығы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) штаб-пәтеріне барып, ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында 2025 жылға дейін Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағыттары, алдағы Олимпиада ойындарына дайындық пен оны өткізу мәселелері, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан ҰОК атқарған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Қазақстандық делегация алдағы жылдарға арналған негізгі жоспарлары, оның ішінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасымен бөлісті.

Сонымен қатар, Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев ХОК мүшелерімен және ХОК Атқару комитетінің отырысына, сондай-ақ олимпиадалық саммитке қатысу үшін Лозаннаға келген басқа да халықаралық спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Жарнама
Жарнама