Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Токиодағы Гранд Слэмге барған 11 дзюдошының біреуі ғана жүлде үшін күреседі

Редактор
08.12.2024, 11:28

Қалғандары түгел жеңіліп қалған

IJF

Дзюдодан Токио Гранд Слэмінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. 

-90 келіде ұлттық құрама мүшесі Максим Мейірлан айтулы жарыстың жүлдесі үшін жапон дзюдошысы Комеи Кавабатамен күш сынасады.

Отандасымыз алғашқы белдесуінде оңтүстіккореялық Ли Ном Банды ұтса, екінші белдесуінде Италия дзюдошысы Кристиан Парлатиді жеңді. Ал ширек финалда жапониялық Гоки Тажимаға жол берді. 

Аталған салмақтың финалында Жапония және Грузия балуандары белдеседі.

Бұдан бөлек, бүгін татамиге шыққан 81 келіде Жалғас Қайролла алғашқы кездесуінде жапон спортшы Каито Аманодан ұтылса, -100 келіде Әділет Сапарғалиев Моңғолия спортшысынан айласын асыра алмады.

Әйелдер арасында Екатерина Такиева бірінші белдесуінде татами иесі Рури Таканишиге қарсы еш қауқар таныта алмады. Осылайша ұлттық құраманың 11 дзюдошысының арасынан тек біреуі ғана жүлде үшін күресуге мүмкіндік алып отыр.

Жарнама
Жарнама