Оның орнына Ольга Рыпакова сайлануы мүмкін
Жеңіл атлетика федерациясын алты жылдан астам уақыт басқарған Даниал Ахметов отставкаға кетті деп хабарлады журналист Иван Резванцев өзінің Telegram-каналында.
«ШҚО-ның экс-әкімі Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен шұғыл кетті. Енді федерациядағы барлық былықты шешу міндеті даңқты жеңілатлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпаковаға жүктелуі мүмкін», - деп жазды журналист.
11 желтоқсан күні сағат 9.30 Астанада ҚЖАФ конференциясы басталды. Дауыс беруге 28 адам қатысады. Күн тәртібінде үш мәселе бар:
Даниал Ахметов еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының тізгінін 2018 жылғы наурыз айында алды. Ол осы уақыт аралығында Кениядан легионерлер әкеліп, оларға Қазақстан азаматтығын беруімен есте қалды. Аталған жеңілатлеттер биыл Олимпиада ойындарына қатысып, түгел жеңіліп қалды.