Ол енді жартылай финалға жолдама үшін сайысқа түседі
Теннистен әлемнің 337-ракеткасы, қазақстандық Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирді сәтті жалғастарып жатыр. Отандасымыз Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты.
Отандық теннисші жарыстың 1/8 финалында жапониялық Анри Нагатаны 2:0 (6:4, 7:5) есебімен ұтты. «Күншығыс елінің» теннисшісі әлемдік рейтингте 991-орында тұр.
Енді Жібек Құламбаева жартылай финал жолдамасын индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен сарапқа салады. Приска әлемдік рейтингте 401-ші орынға жайғасқан.