Ризабек Айтмұқан 8:0 есебімен алда тұрып жеңіліп қалды

Редактор
21.12.2024, 01:49

Ол енді үшінші орын үшін белдеседі

Olympic.kz

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Тараз қаласында өтіп жатқан мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған турнирдің финалына шыға алмады.

Ол 97 келіге дейін салмақта күресті. Алдымен Иманғали Қалдыбекті жеңгенімен, жартылай финалда АҚШ спортшысы Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен есе жіберді. Негізі алғашында Ризабек 8:0 есебімен алда тұрған. Алайда, бұл есепті ол белдесу соңына дейін ұстап тұа алмады. Бұл салмақта басты фаворит саналған балуан енді тек қола жүлдеге таласа алады.

Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир жыл сайын Таразда өтіп тұрады. Биыл 17-ші рет жалауын көтерді.