Ол – Дағыстан тумасы, Ресей сапында Әлем кубогін жеңіп алған
Төртжылдықтың басты додасы — Париж олимпиадасында Өзбекстанға еркін күрестен тарихи алтын сыйлаған ресейлік легионер Разамбек Жамалов «Жыл жаңалағы» номинациясын жеңіп алды.
Бұл жаңалықты таэквондадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы – өзбек спортшысы Улугбек Рашитов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Айтулы номинацияны Разамбек Жамаловқа Улугбек Рашитовтың өзі шығып табыстаған.
Айта кетейік, Разамбек Жамалов – Дағыстан тумасы. Ол 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық бәсекелерде Өзбекстан атынан белдесіп жүр.
Жамалов 74 келі салмақта 2020 және 2022 жылдары Ресейдің екі дүркін жеңімпазы болған. Сонымен қатар, 2020 жылы Әлем кубогінің иегері атанған.