Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан бірінші орынмен аяқтады

26.12.2024, 13:22

Құрлық додасына Қытай мен Солтүстік Корея қатысқан жоқ

olympic.kz

Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Барлығы 12 алтын медаль иеленген Қазақстан жастары командалық есепте бірінші орын алды.

Айта кету керек, құрлықтық додаға Азияның мықтылары саналатын Қытай мен Солтүстік Корея құрамалары қатысқан жоқ. Тиісінше, Өзбекстан ауыратлеттері 10 алтынмен екінші орынды иеленсе, үздік үштікті Вьетнам жастары түйіндеді, олардың еншісінде 9 алтын медаль бар.

Ал, жасөспірімдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы 8 алтынмен жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл жас санатында Вьетнам – бірінші, Таиланд – екінші, Түрікменстан үшінші орынды иеленді.

Жастар арасында медальдар кестесі:

  1. Қазақстан – 12 алтын, 9 күміс, 12 қола (барлығы 33 медаль)
  2. Өзбекстан – 10 алтын, 7 күміс, 2 қола (19 медаль)
  3. Вьетнам – 9 алтын, 16 күміс, 9 қола (барлығы 34 медаль)
  4. Үндістан – 7 алтын, 8 күміс, 6 қола (барлығы 21 медаль)
  5. Иран – 6 алтын, 4 күміс, 6 қола (барлығы 16 медаль)
  6. Оңтүстік Корея – 6 алтын, 1 күміс, 1 қола (барлығы 8 медаль)
  7. Филиппин – 5 алтын, 7 күміс, 6 қола (барлығы 18 медаль)
  8. Түрікменстан – 2 алтын, 5 күміс, 5 қола (12 медаль)
  9. Ирак – 2 алтын, 2 қола (барлығы 4 медаль)
  10. Сауд Арабиясы – 1 алтын, 5 қола (барлығы 6 медаль)
  11. Қытай (Тайпей) – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола (барлығы 6 медаль)
  12. Таиланд – 2 қола (барлығы 2 медаль)
  13. Сирия – 1 қола (барлығы 1 медаль)

Жасөспірімдер арасындағы медальдар кестесі:

  1. Вьетнам – 11 алтын, 5 күміс, 2 қола (18 медаль)
  2. Таиланд – 10 алтын, 1 күміс, 8 қола (19 медаль)
  3. Түрікменстан – 9 алтын, 3 күміс, 4 қола (16 медаль)
  4. Қазақстан – 8 алтын, 4 күміс, 9 қола (21 медаль)
  5. Өзбекстан – 7 алтын, 10 күміс, 8 қола (25 медаль)
  6. Иран – 4 алтын, 16 күміс, 14 қола (34 медаль)
  7. Оңтүстік Корея – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола (7 медаль)
  8. Қытай (Тайпей) – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола (7 медаль)
  9. Ирак – 3 алтын, 3 күміс, 10 қола (16 медаль)
  10. Үндістан – 8 алтын, 4 күміс, 12 қола (24 медаль)
  11. Индонезия – 4 алтын, 2 күміс, 6 қола (12 медаль)
  12. Филиппин – 3 алтын, 4 күміс, 7 қола (14 медаль)
  13. Сауд Арабиясы – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола (8 медаль)
  14. Иордания – 1 алтын, 1 күміс (2 медаль)
Жарнама
Жарнама