Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Алаяқтардан сақ болайық»: Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев жанкүйерлеріне үндеу жолдады

Редактор
28.12.2024, 10:38

Белгілі спортшы желідегі оқырмандарына ескерту жасады 

ҰОК

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев жанкүйерлеріне үндеу жолдап, алаяқтардан сақ болуға шақырды. 

Белгілі спортшы желіде бейнежазба жариялап, соңғы уақытта қаптап кеткен телефон алаяқтарын, оның ішінде әлеуметтік желіге бұзып кіру арқылы жасалатын құйтұрқы әрекеттер туралы айтты. 

«Соңғы кездері елімізде ғаламторда алаяқтар қаптады. Бұл ретте өте сақ болуымыз қажет. Кеше ғана жақын досымның уатсап желісін бұзып, соның атынан таныстарына хат жазып, қарызға ақша сұраған екен. Сол үшін мұқияттылық танытып, мұндай жазбаларға жауап беруде абай болайық», - деді Жасұлан Қыдырбаев. 

Қазақстандық белгілі ауыр атлет 94 келіде өнер көрсетіп, әлем біріншілігінінен бірнеше рет жүлде алған еді. Ол 2014 жылы Алматыда өткен чемпионатта топ жарып, алтын медаль иеленді. Алайда кейін допинг дауына ілінген спортшы 2015 жылы әлем чемпионатында иеленген қола жүлдесін кері қайтарып беруге мәжбүр болды. 

Кейін спортшы ұлттық құрамадан кетіп, жеке шаруамен айналысып жүргенін айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Материалда: