Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Америкалық атақты гимнаст Симона Байлз жылдың ең үздік спортшысы атанды

03.01.2025, 00:05

Ол – Олимпиада ойындарының жеті дүркін чемпионы

Jamie Squire/Getty Images

Америкалық белгілі «Sports Illustrated» журналының мәліметіне сәйкес, АҚШ гимнастшысы Симона Байлз 2024 жылдың «Жыл спортшысы» атанды.

Симона Байлз — спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының жеті дүркін чемпионы. Атап айтсақ, ол Риода төрт алтын және бір күміс медаль иеленіп, Токиода бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған. Ал Париж Олимпиадасында үш алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізген болатын.

Сонымен қатар, Симона Байлз әлем чемпионаттарында 23 алтын медаль, 4 күміс және 3 қола медальды қанжығасына байлаған. Оның бұл нәтижесі әлемдік гимнастика тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі саналып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Симона Байлз спорттық гимнастикаға өзінің атымен аталатын бірнеше элементті енгізген спортшы. Оның ішінде ең танымалы — «Байлз» және «Байлз 2» деп аталатын акробатикалық жаттығулар.

Жарнама
Жарнама