Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Тедди Ринер ауруханаға түсіп қалды

04.01.2025, 09:59

Ол алдағы Гранд Слэм турниріне қатыспайды

IJF

Дзюдодан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, даңқты француз Тедди Ринер ауруханаға түсіп қалды. Ол шынтағына ота жасатқан.

Операция сәтті өткенімен, дзюдошы жуырда Парижде өтетін Гранд Слэмге қатыса алмайды. 

«Ота өте жақсы деңгейде сәтті аяқталды. Алдағы белдесулерге күш жинап, тың қарқынмен шығатын боламыз», - деп жазды Ринер әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Тедди Ринер әлем чемпионатында он екі рет және  Еуропа чемпионатында бес мәрте чемпион атанған. Гранд-Слэм турнирлерінде он бір рет алтыннан алқа тақты. 2008 жылғы Бейжинг және Токио Олимпиадасында қола медаль алған. Ал, 2012 – Лондон, 2016 жылы – Рио, Токиода – командалық сайыста, Парижде – командалық және жекелей сында жеңімпаз атанған.

36 жастағы спортшы өткен жылдың басында Алматығы келіп, 10 күннен астам уақыт бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.

Жарнама
Жарнама