«Алланың қалауымен жеңілдім»: Министр спорттағы дін мәселесін шешудің жаңа амалын ойлап тапты

Редактор
14.01.2025, 12:19

Енді әр федерация өз құрамасымен қатаң жұмыс істейді

Туризм жəне спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшылардың дінге бет бұруына қатысты мәселелерді шешу мақсатында арнайы «Жол картасы» дайындалғанын мәлім етті.

Үкіметтегі баспасөз отырысында журналист «Олимпиада мен әлем чемпионаттарында спортшылар жеңсе және жеңілсе, Алланың қалауымен жеңдім немесе жеңілдім деп жатады. Осыған байланысты әлеуметтік желіде спортшылардың діншілдігіне теріс көзқарастар айтылады. Спортшылардың діншілдігіне қатысты қандай жұмыстар істеліп жатыр?», – деп сұрады.

«Дін мәселесі бойынша бізде арнайы «Жол картасы» әзірленген. Соның аясында жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда арнайы ұйымдардан мамандарды тартып, спортшылармен жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Әр федерация өз құрамасына жауапты. Жол картасы аясында дін мәселесіне қатысты да мәселе қаралады», - деді министр үкіметте.