Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Моржға айналдық»: Әлем чемпионатында жүлде алған балуан жаттығудың жаңа түріне кірісті

Редактор
16.01.2025, 11:15

Спортшы қыстың суығында өзен суына түсуді бастаған

Видеодан кадр

Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов бірнеше күннен бері жаттығудың жаңа түрін бастағанын атады.

Спортшы екі аптаға жуық уақыттан бері қыстың суығында өзен суына түсуді бастаған. Бұл үрдісті ол бірнеше минутқа жалғастыратынын да атады.

«Қыстың күні морж болып жүрміз. Бесінші күнінде әзер шыдап едік. Алтыншы күнінде көңіл күй керемет болды», - деп жазды балуан.

Әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған бейнежазбасында оның ақ қар, көк мұзда өзен суында жүзіп жүргені анық байқалады.

Нұрлан Бекжанов 2016 жылы өткен әлем чемпионатында 70 келіде белдесіп, финалға дейін жеткен еді. Ол шешуші белдесуде ресейлік балуанға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Сол жылы Банкогта өткен Азия біріншілігінде 65 келіде күміс медальға қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама