Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдос Сметовке әлемнің үздік дзюдошысы атағы берілуі мүмкін

Редактор
17.01.2025, 10:54

Жеңімпаздарды Халықаралық дзюдо федерациясы анықтайды

ҰОК

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ақпан айында әлемнің үздік дзюдошысы аталымында топ жаруы мүмкін.

Бұған дейін отандасымыз бен 2024 жылы өткен ойындардың алты жеңімпазы «IJF Judo Awards» сыйлығына «Жылдың үздік дзюдошысы» аталымы бойынша ұсынылған болатын.

Жанкүйерлер арасындағы дауыс беру нәтижесінде үш спортшы іріктелді. Олардың ішінде Елдос Сметов, Қарағандыда дүниеге келген Әзірбайжан дзюдошысы Хидаят Гейдаров және Грузияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Лаша Бекаури бар.

Алда жеңімпаздарды Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) сараптамалық комиссиясы анықтайды. Марапаттау рәсімі 1-2 ақпан күндері Парижде өтетін Grand Slam турнирі аясында ұйымдастырылмақ.

Бұған дейін спортшының жаңа жылдан кейін жаттығуға кіріскенін жазған болатынбыз. Ал ұлттық құрама сапына 2026 жылдың басында қосылуды көздеп отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ, ол осы аптада Лондонға ағылшын тілін оқуға аттанды.

Елдос Сметов 60 келіде үш рет Олимпиада ойындарынан жүлде алған. Ол Риода күміс жүлдегер атанса, Токиода қола алды. Ал Париждегі додада 5 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

 

Жарнама
Жарнама