Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы карьерасын аяқтайды

Редактор
18.01.2025, 22:29

Ол әлем чемпионатында 20 рет топ жарған

Getty images

Танымал норвегиялық биатлоншы Йоханнес Бе өзінің Instagram-парақшасында маусым соңында карьерасымен қош айтысатынын мәлімдеді.

Спортшы бұл шешімі туралы арнайы өткізілген баспасөз конференциясында айтып, көз жасына ерік берді.

Әлем кубогының биылғы маусымы наурыз айында Норвегияның Холменколлен қаласында аяқталады. Мамырда Бе 32 жасқа толды.

«13 жыл бойы әлемнің үздік демеушілері қолдайтын әлемнің үздік құрамасының мүшесі болдым. Соңғы алты маусымда спортты отбасылық өмірмен қатар алып келемін. Бұл керемет жылдар, бірақ оңай болған жоқ. Енді отбасына басымдық беретін уақыт келгенін түсіндім. Жоспар бойынша тағы бір жылға қалуым керек еді, алайда Олимпиада ойындарына қатысу менен де, менің айналамдағылардан да тым көп нәрсені талап етеді.

Әлі де бәсекелескенді ұнатамын, дегенмен басқасына қарағанда жарыс күндері аз. Сондықтан 20-23 наурызда Холменколленде карьерамды аяқтамас бұрын соңғы жарыстардан бірге ләззат алайық!» – деп жазды тарихтағы ең табысты биатлоншылардың бірі.

Айта кетейік, Бе Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы, әлем чемпионатында 20 рет топ жарған, Әлем кубогының қорытындысы бойынша бес рет үздік атанған. Биылғы маусымда ол Әлем кубогында жекелей сында үш рет жеңіске жетіп, жалпы есепте көш басында келеді.

Материалда: