Қазақстанның балуан қыздары тарихында алғаш рет Олимпиада жолдамасынсыз қалған болатын
Әйедер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиевтің қызметінен кетуі күтілуде деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.
Кейінгі жылдары балуан қыздардың нәтижесі төмендеп кеткен. Барлық құраманың жүгін Жәмила Бақбергенова арқалап жүр деуге болады. Ол 2021 жылдан бері әлем чемпионатында тұрақты медаль алып келді. Ал, өзге қыздар айтарлықтай нәтижеге жете алмауда.
Өткен жылы Азия чемпионатына Қайрат Сағадиев бастап барған құрам 3 қоламен ғана шеттелді. Сондай-ақ, Сағадиев баптаған құрама Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына бірде-бір лицензия ала алмады. Сөйтіп тарихта алғаш рет Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиададан тыс қалған болатын.
Қайрат Сағадиев ұлттық құраманы екінші рет басқарып отыр. Рио Олимаиадасына ол Қазақстанның балуан қыздарын бастап барып, 1 күміс және 2 қола медальмен елге оралған болатын. Мұнан кейін отставкаға кетті. Ал, 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасынан кейін федерация оны қайта бас бапкер етіп тағайындады.