Америкалық мәнерлеп сырғанаушы ұшақ апатынан аман қалды

Редактор
30.01.2025, 17:03

Ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары болған

John Maravilla

 

Вашингтондағы жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ соқтығысқан төтенше оқиға кезінде белгілі спортшы өлімнен аман қалды.

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Джон Маравилланың дәл осы әуе рейсімен ұшуы керек болған. Алайда оны үй жануарына байланысты ұшаққа отырғызбаған. Осылайша, спортшы өлім қаупінен аман қалып отыр.

«Бастапқыда қатты ашуландым, бірақ кейін бұл мен үшін үлкен сәттілік болғанын түсіндім. Қазір өзімді қатты күйзелісте сезініп тұрмын. Бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін алаңдаймын», – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

30 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Рональд Рейган атындағы ұлттық әуежай маңында жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ әуеде соқтығысып, Потомак өзеніне құлаған болатын.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жолаушылар лайнері әуеге көтерілген сәтте әскери тікұшақпен соқтығысқан. Нәтижесінде екі әуе көлігі де басқарудан шығып, суға құлаған. Құтқару қызметтері апат орнына дереу жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Әзірге құрбандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың себептері анықталып жатыр.