Спорт министрлігі Азия ойындарына Қазақстан атынан алты ресейлік спортшыны жіберген

Редактор
05.02.2025, 16:55

Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін Тоқаев спорт министрлігін легионерлер үшін қатаң сынаған болатын

olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында басталған қысқы Азия ойындарына Қазақстан намысын қорғауға экс-ресейлік алты спортшы кеткен.

Есте болса, былтыр Париж Олимпиадасына да Қазақстан атынан 10-нан астам легионер қатысып, бәрі жеңіліп қалған болатын. Мұнан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі спорт министрлігін қатаң сынағанымен, Ербол Мырзабосынов басқаратын ведомство бұдан сабақ алмаған секілді.

Sportarena.kz сайтының мәліметінше, Харбинге аттанған легионерлер:

  1. Александра Скороходова, таушаңғысы  - Ресей.
  2. Кристина Силаева,  конькимен сырғанау – Ресей.
  3. Софья Самоделкина, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
  4. Бойсангур Датиев, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
  5. Эдуард Михайлов, хоккей – Ресей.
  6. Вячеслав Колесников, хоккей – Ресей.

Жалпы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды. «Сары құрлық» бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді. Азия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады.