Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қытай қазағы Харбиндегі Азия ойындарының жүлдегері атанды

Редактор
09.02.2025, 00:53

Бұл қашықтықтықта қазақстандық шаңғышы күміс медаль алды

olympic.kz

Шаңғы спортынан Қытай намысын қорғайтын этникалық қазақ Самғар Серікұлы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды.

Шаңғы жарысының спринт бағдарламасында Самғар Серікұлы төртінші болып мәре сызығын кескен. Алайда, екінші келген жапондық спортшы Харука Ямашита жарыстан шеттетілгендіктен, нәтижелер қайта қаралды. Қазақстандық Константин Борцов күміс алса, қытайлық қазақ Самғар Серікұлына қола медаль табысталды.

Самғар Алтай қаласындағы (Қытай, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) қазақтар көп тұратын Хундун ауылында орналасқан Дулат қыстағында дүниеге келген.

Айта кетейік, Азия ойындарына Қытай атынан 4 қазақ бақ сынауда. Олар – Ақнәр Ардаққызы мен Қанағат Мұхаммедұлы (конькимен жүгіру), Баян Жалынқызы мен Самғар Серікұлы (шаңғы).

Жарнама
Жарнама