Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Азия ойындары: Қазақстан бір күнде екі алтын медаль түсті

Редактор
11.02.2025, 12:18

Сонымен қатар, тағы бір күміс пен бір қола медаль да қоржында

olympic.kz

Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бір күнде екі алтын медаль түсті. Бұл жолы спортшыларымыз фристайл-акробатика мен биатлоннан үздік атанды.

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы ел тарихында алғаш рет Азия ойындарының чемпионы атанып отыр. Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаевтан тұратын команда басты қарсыласы – Қытай фристайлшыларын басып озған. Ци Гуанпу бастаған қытайлық спортшылар Олимпиада чемпионы екенін айта кету керек.

Сонымен қатар, қазақстандық биатлоншылар да бүгін жеңіс тұғырына шықты. 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев мәре сызығын бірінші болып кессе, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес екінші келді. Үшінші орын Қытай спортшысы Гу Цанюға бұйырды.

Айта кету керек, фристайл-акробатикадан қыздар құрамасы да Азия ойындарынан жүлдесіз қайтпады. Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан үш алтын медальмен турнир кестесінің төртінші сатысына нық жайғасты.

Жарнама
Жарнама