Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

12.02.2025, 01:28

Оның аталған қызметке тағайындалғанына әлі бір жыл да болмаған

olympic.kz

Классикалық күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченконың отставкаға кеткені белгілі болды. Бұл туралы Sportbugin.kz тілшісіне сұхбат берген Күрес түрлері федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді.

«Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко 2024 жылдың аяғында өз лауазымынан бас тартқысы келетінін айтты. Бірақ, көп ұзамай ұлттық құрамаға кеңесші-бапкер ретінде қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда команданың тізгінін кімге тапсыру мәселесін Федерация мен Туризм және спорт министрлігі бірлесе талқылауда», - деді Сұлтанов.

Айта кетейік, Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының қарсаңында ұлттық құрамасының тізгінін қолға алған еді. Оның жетекшілігімен Париж Олимпиадасына 4 балуан қатысып, Демеу Жадыраев күміс жүлдегер атанған.

Жарнама
Жарнама