Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мен оставкаға кеткен жоқпын – Юрий Мельниченко

12.02.2025, 11:05

Күрес түрлері федерациясының бас хатшысы мұндай ақпаратты не үшін жариялағаны әзірге белгісіз

olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко отставкаға кеткенін отандық БАҚ жазған болатын. Алайда, маманның өзі 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпараттың шындыққа толық жанаспайтынын айтты.

«Бұл отставка емес. Мен өз ұсынысыммен консультант-бапкер болуға ниет білдірдім. Яғни Қазақстан ұлттық құрамасы мен ұлттық құрама резерві бойынша ғылыми, әдістемелік және талдау жұмыстарымен айналысамын. Негізі министрлік, федерация және спорт комитетінің басшылығымен келісілген. Енді ресми қол қойылғанын күтеміз», - дейді Юрий Мельниченко 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ол мұндай шешімге келуге не түрткі болғанын айтқан жоқ. Тек өз қалауы екенін білдірді.

Айта кетейік, Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының қарсаңында ұлттық құрамасының тізгінін қолға алған еді. Оның жетекшілігімен Париж Олимпиадасына 4 балуан қатысып, Демеу Жадыраев күміс жүлдегер атанған.

Жарнама
Жарнама