Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан араға 26 жыл салып қысқы Азия ойындарында алтын алды

Редактор
12.02.2025, 22:49

Оның өзін Ресейден келген легионерлер жеңіп алған

olympics.com

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Өзбекстан спортшылары тарихи алтынын жеңіп алды.

Ресейден ауысқан Екатерина Гейниш пен Дмитрий Чигирев мәнерлеп сырғанаудан жұптық сайыста топ жарды. Олар 176.43 ұпай жинап, Солтүстік Корея мен Жапониядан келген қарсыластарын басып озды. Қос спортшы 2024 жылы Ресейден Өзбекстан сапына ауысқан болатын.

Айта кетейік, Өзбекстан соңғы рет қысқы Азия ойындарында 1999 жылы алтын алған. Ол кезде де мәнерлеп сырғанаудан Татьяна Малинина чемпион болған еді.

Жарнама
Жарнама