Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Үштікте Месси жоқ». Криштиану Роналду әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы атанды

Редактор
13.02.2025, 12:44

Тізімде NBA өкілдері көп

instagram.com/cristiano/

Американың беделді спорт және іскерлік Sportico басылымы 2024 жылғы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшылардың рейтингін жариялады. 

Тізімді португалдық футболшы, «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду бастап тұр. «Әл-Наср» шабуылшысы 2024 жылы  (салықтар мен агенттік төлемдерсіз) 260 миллион доллар табыс тапқан. Ол Сауд Арабаиясындағы мансабында 215 миллион доллар тауыпты. Футболшы «Әл-Наср» клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнайды. Ал, қалған 45 миллион долларды демеушілер төлеген. 

Роналдудан кейінгі алғашқы бестікке баскетболшы Стивен Карри (153,8 миллион доллар, оның 53,8 миллион доллары жалақы және 100 миллион доллар демеушілерден), боксшы Тайсон Фьюри (147 миллион доллар), футболшы Лионель Месси (135 миллион доллар) және NBAның тағы бір ойыншысы ойыншысы Леброн Джеймс (133,2 млн доллар) бар.

Жарнама
Жарнама