Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Грэпплингтен әлем чемпионы Сәрсен Жетібаев допинг дауына ілікті

Редактор
14.02.2025, 09:24

Бұған дейін әлем чемпионы атанған Самат Айтпанбет те допинг бақылаудан өте алмаған болатын

Туризм және спорт министрлігі

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) өздерінің ресми сайтында грэпплингтен әлем чемпионы, қазақстандық Сәрсен Жетібаевқа қатысты мәлімдеме жасады.

Сәрсен Жетібаев 2024 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін WADA-ның антидопингтік ережелерін бұзды деген айып тағылып, спорттан уақытша шеттетілді. 

Бірақ жарыстан кейін бекітілген регламентке сәйкес, Сәрсен допинг бақылаудан өтті. Тапсырған сынамасынан кейін қанынан тыйым салынған «Болденон» препараты табылғаны белгілі болды. 

Спортшы кінәсіздігін дәлелдей алмаса, ұзақ мерзімге дисквалификация алуы мүмкін. Себебі «Болденон» – анаболикалық стероидтар қатарына жататын препарат.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионы атанған Самат Айтпанбет те допинг бақылаудан өте алмаған болатын.

Жарнама
Жарнама