Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Париждегі сәтсіздіктен кейін татамиге оралған Ута Абэ Бакуде топ жарды

15.02.2025, 01:29

Ол осымен 10-рет Гранд Слэм турнирлерінде чемпион атанып отыр

IJF

Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран Слэм турнирінің алғашқы күнінде бес салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздары анықталды. Бес салмақта да жапон балуандары топ жарды.

Олимпиада және 4 дүркін әлем чемпионы, жапондық феномен Ута Абэ чемпион атанған бес дзюдошының бірі. Ол Париж Олимпиадасындағы жеңілісінен кейін енді ғана татамиге оралды.

Ута Абэ Баку татамиінде 3 белдесу өткізіп, барлығын иппонмен жеңді. Ширек финалда Нисавиш Николинаның осал тұсын “алтын уақыттың” 10-секундтында тапты. Жартылай финалда мажарстандық Гиертас Розаны 9 секундта иппонға түсірді. Финалда неміс қызы Масша Балхаусты ұстау әдісімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Еске салайық, жапон дзюдошысы Париж Олимпиадасының 1/16 финалында өзбекстандық Диёра Келдиёровадан жеңілген болатын. Жеңілісті көтере алмаған ол көз жасына ерік берген еді. Бұл сәт Олимпиаданың ең әсерлі оқиғалардың бірі ретінде есте қалды.

Айта кетейік, Ута Абэ осымен Гран Слэм турнирлерінің 10-шы алтынын олжалады.

Жарнама
Жарнама