Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Жолы болды»: Қазақстан конькишілері шорт-тректен әлем кубогында жүлде алды

16.02.2025, 23:48

Олар бірнеше күн бұрын қысқы Азия ойындарында чемпион атанған болатын

olympic.kz

Миланда (Италия) өтіп жатқан Әлемдік турда шорт-тректен Қазақстан командасы қола жүлде жеңіп алды. 5000 метрге конькимен жүгірген біздің команда басты қарсыластарының сәтсіздігін ұтымды пайдаланып, мәрені үшінші болып кесті.

Жерлестеріміздің жолы болды десек, қателеспейміз. Өйткені Қытай құрамасының конькишілері құлап, Оңтүстік Корея спортшылары дисквалификация алды.

Ал, бірінші орынды Италия жеңіп алса, Канада атлеттері күміс медальды қанағат тұтты.

Қазақстан сапынан Әділ Галиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті. Олар осыдан бірнеше күн бұрын ғана Харбинде (Қытай) өткен қысқы Азия ойындарында дәл осы қашықтықта чемпион атанған болатын.

Жарнама
Жарнама