Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Моңғолия қазағы Жаннұр Көпжасар шахматтан халықаралық турнирдің чемпионы атанды

18.02.2025, 11:25

Ол кешегі қаңтарда Нидерландыда өткен ірі турнирде де жеңімпаз атанған болатын

Tata Steel Chess

Моңғолияда тұратын этникалық қазақ қызы Жаннұр Көпжасар Аустрияның Линц қаласында шахматтан әуесқойлар арасында өткен халықаралық турнирде топ жарды.

«2018 жылдан бері шахматпен әуесқойлар арасында ойнап келемін. Мақсатым — FIDE рейтингі бойынша нәтижемді жақсартып, Woman Candidate Master атағына қол жеткізу. Осы мақсатыма жету үшін қаңтар айынан бастап Еуропа елдерінде сайыстарға қатысып жатырмын», - дейді Жаннұр Көпжасар.

Ол биыл қаңтар айында Нидерландының Wijk aan Zee қаласында өткен турнирде де жеңімпаз атанған болатын. Жаннұр ол кезде барлығы 9 ойын өткізіп, 8-де жеңіп, 1-де тең түсіп, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

Жаннұр Көпжасар Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда «Tata Steel Chess» классикалық форматы бойынша келесі кезеңге дайындалып жатыр.

Жарнама
Жарнама