UWW Қырғызстан мен АҚШ-тың қос балуанын жылдың теңдессіз спортшысы деп таныды

Редактор
29.12.2023, 15:37

Екеуі де биыл бірде-бір белдесуінде жеңілмеген

коллаж: 1bol.kz

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы 2023 жылы барлық белдесуде жеңіске жеткен екі балуанның есімін атады. Олардың бірі – грек-грим күресінен екі дүркін әлем чемпионы қырғыз Ақжол Махмудов болса, екіншісі – АҚШ балуаны, әйелдер күресінен 2 мәрте әлем чемпионы Эмит Элор.

Қырғызстан балуаны Ақжол Махмудов биыл Азия, әлем чемпионаты және Азия ойындарында барлығы 11 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, 55 пайызын уақытынан бұрын аяқтады. Ол сондай-ақ, 77 келіде Токио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.

Ал, әйелдер күресінен Эмит Элор 2023 жылы 16 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. АҚШ балуаны әлем және Панамерика біріншіліктерінде үздік шықты. Сондай-ақ, биыл тамыз айында Йорданияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да топ жарды. 

UWW америкалық спортшының биыл өткізген белдесулерінің 73 пайызында уақытынан бұрын жеңіспен аяқтағанын ескерді. Айта кететін бір жайт, ол өткен жылы 23 жасқа дейінгі балуандар арасында да дүниежүзі чемпионы атанып, барлық қарсыласын негізгі уақыттан ерте ұтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжол Махмудов пен Эмит Элор 2022-2023 жылдары Сербияда өткен әлем чемпионаттарында екі реттен қатар жеңімпаз болған спортшы.