Қазақстандық мергендер Азия кубогінде 12 алтын жеңіп алды

Редактор
21.02.2025, 14:56

Ел құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды

Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогының соңғы жарыс күні өтті, және қазақстандық мергендер 3 алтын, 1 күміс жеңіп алды! Осылайша, ұлттық құрама 12 алтын медальмен жалпы есепте 1-орын иеленді.

Бүгінгі жеңістер:
1-орын: Александра Ле, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (командалық)
1-орын: Александра Ле – 50 м винтовка (жекелей)
2-орын: Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (жекелей)
1-орын: Никита Чирюкин – 25 м тапанша

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Біздің спортшылар жоғары нәтижелер көрсетіп, жарыста үздік атанды.

Қазақстан құрамасының қоржынында 12 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль бар. Екінші орынға Оңтүстік Корея ие болды. Олардың есебінде 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар.

Үздік үштікті Сингапур құрамасы түйіндеді. Олар 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

23 ел қатысқан жарыста 16 мемлекет жүлдеге қол жеткізді.