Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

10 жылдан кейінгі алтын: Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады

22.02.2025, 13:08

Отандасымыз қос сайыста өз мансабындағы рекордтық 285.10 ұпай жинады

Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Сеулде қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров чемпион атанды. 

Михаил екі бағдарламада да алдына жан салмады. Қысқа бағдарламада 94.73 ұпай алса, еркін бағдарламада 190.37 ұпайға ие болды. Қос жаттығу бойынша ол 285.10 ұпай жинап, алтын жүлде қол жеткізді. 

Оңтүстік Корея спортшышысы Жунхван Ча 265.02 ұпаймен күміс медаль алса, қола жүлдені америкалық Жимма Ма (245.01 ұпай) иеленді.

Тағы бір қазақстандық Диас Жиренбаев төрт құрлық чемпионатын 19-орынмен аяқтады. Ол қос жаттығуда 166.34 ұпай жинады.

Айта кетейік, 10 жыл бұрын дәл осы Сеулде, дәл осы мұз айдынында Денис Тен төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Миша Денис Теннің жетістігін қайталап отыр.

Жарнама
Жарнама