Мегаполистің экологиялық проблемаларын билік жылдар бойы шеше алмай келеді
Шахматтан әлемнің экс-чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен америкалық журналист Джо Роганның подкастында қонақта болып, Алматы қаласы туралы ойын айтты.
Еске салайық, 2022 жылы жылдам шахматтан әлем чемпионаты Алматыда өткен болатын. Аталған жарыста Карлсен жеңімпаз атанды.
«Шахматтан әлем чемпионаттары түрлі жерде өтеді. Солардың бірі – Алматы. Бұл қала, әсіресе қыста, өте лас және жағымсыз», - деді Карлсен сұхбат барысында.
Оның айтуынша, қаланың экологиясы әбден бүлінген, ауасы ластанған. Соның салдарынан Алматыға шетелдіктердің қызығушылығы жоқ.
Карлсен жарыс кезінде таза ауа іздеп тауға кетіп қалыпты. Соның салдарынан ойынға кешігіп келген. Дегенмен, бұл оның чемпион атануына кедергісін келтірмепті.
Норвегиялық шахматшы Алматыға келгенде Шымбұлақ пен Медеуге барған. Осында ол жергілікті шахматшылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.