Мәжіліс депутаты «Артспорттағы» шикілікті жайып салды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов «Артспорттағы» шикілікті сынға алды. Ол өзі туған Қызылорда облысына қарасты аудандардың бірі Аралға барғанын айтты.
«Министрлік бұл мәселені дұрыс реттемеген. 80 мың халқы бар Арал ауданында 200 адам ғана «Артспортқа» барады. Сонда ешқандай талап жоқ, стандарт жоқ. Тікелей министрлікпен жұмыс істейді. Бірақ жергілікті билік «бір ауданда 6100 баланы қайдан алды, қай жерге барып жатыр, қай спорт залына, қандай жағдайда не үйретіп жатқанын білмейміз» дейді. Сондықтан өңірлер өзгерістер болса арасында «ақылдасып сұрасаңдаршы» деймін. Өңірлерде «Артспорт» ұйымдастыруды ақылдасып істедіңіздер ме?» деген сұрақ туындайды. Тексеріп бастап еді, 6100 орынның төрт мыңын жауып тастады. Неге жапты? Әрине, бір шикілік бар сияқты, - дейді Мұрат Әбенов.