Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Редактор
31.12.2023, 10:35

Ол Аияның үш дүркін чемпионы

olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2023 жылдың ең үздік балуандарының тізімін жариялап бітті. Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова 72 келіде көш бастады деп жазады Vesti.kz.

Бақбергенова биыл үшінші рет Азия чемпионатын жеңіп алды. Ал, қыркүйек айында Сербияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Қазанда Қытайда өткен Азия ойындарында екінші орын алған.

Рейтингте спортшылардың жыл бойы жинаған ұпайлары есепке алынған.

Айта кетейік, қазақстандық әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да жылдың ең үздік балуандарының көшін бастаған болатын. 92 келіге дейінгі салмақта күресетін жерлесіміз биыл Сербияда өткен әлем біріншілігін жеңіп алған.