Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдодан Тедди Ринердің кубок бәсекесі өтеді

Редактор
04.03.2025, 19:26

Франция спортшысы - дзюдо тарихындағы ең табысты балуан

Getty Images

Сәуір айының 5-6 күндері Францияның Аньер-сюр-Сен қаласында Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Тедди Ринер кубогы өтеді.

Алғаш рет өткелі отырған бәсекені белгілі спортшының идеясымен ұйымдастырылғалы отыр. Бұл сынға жасөспірімдерден бастап ересектерге дейін қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың жазуынша, Ринер кубогы Аньер-сюр-Сенде орналасқан Тедди Ринер атындағы аренада өтеді. Әзірге оған қандай спортшылардың қатысатыны белгісіз. Тек ұйымдастырушы тарап арнайы сайтта тіркелуге болатынын қаперге салған.

Франция спортшысы дзюдо тарихындағы ең табысты балуан саналады. Тедди Ринер дзюдодан Олимпиада ойындарына 5 рет қатысып, барлығында жүлде алған. Ол жекелей сында үш дүркін чемпион атанса, сондай-ақ, еншісінде қос қола медаль да бар. Бұдан бөлек, ол командалық сында да екі дүркін чемпион атанған.

Жарнама
Жарнама

Материалда: