Қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш тіркелді
Қызылорда қаласында каратэден юниорлар мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Биылғы бәсекеге 16 өңірден 600-ге жуық спортшы жиналып, үздіктерді анықтады. Бұл осы санаттағы қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш.
Сондай-ақ осы чемпионатта алғаш рет қапталдағы төрешілер пульт арқылы ұпай беруге көшті. Осыған дейін бұл процесс жалаушаның көмегімен жүзеге асқан.
Жалпы спортшылар ката және кумите бағдарламасында 3 жас санатында (14-15, 16-17, 18-20) 44 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Нәтижесінде Шымкент қаласының командасы 9 алтын, 11 күміс, 11 қола медальмен топ жарды. Екінші сатыда Маңғыстау облысы (6 алтын, 10 күміс, 13 қола). Үздік үштікті Жамбыл облысы түйіндеді (6 алтын, 3 күміс, 11 қола).
Чемпионатта Алматы қаласынан қатысқан ағалы-інілі Мұрат (16-17 жас) және Тимур (14-15 жас) Дамитовтар жүлделі болды. Тимур өз санатында кумите бағдарламасында 3-орын алды.
Егіздер Арлан мен Арнұр Мұрат 14-15 жас санатында кумитеде 3-орын алды.
Жамбыл облысынан
Нұрсейіт Алмат 14-15 ж, -57 кг. 1-орын,
Нұрсейіт Нұрасыл 14-15 ж. ком. кумитэ 1,
Астана қаласы
Жаннұр Абдрахман 16-17 ж. (-66 кг) 3-орын.
Нұрмұхаммед Абдрахман 16-17 ж (-68 кг) 2-орын
Айбат Алдаберген 14-15 ж.,
Перизат Алдаберген 16-17 ж (-59 кг) 1-орын.
Максим Москвичев 18-20 ж. -75 кг. 2-орын
Ақмола облысы
Кирилл Москвичев 18-20 ж., -60 кг. 3-орын