Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Садулаевтан жеңілген соң ұйықтай алмадым – Иранның танымал балуаны

Редактор
11.03.2025, 17:13

Иран спортшысы ресейлік балуанға кеткен есесін қайтаруға ниетті

Getty images

Өткен жылы Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатының жартылай финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевты ұпай саны бойынша жеңіп тұрып, соңғы бес секундта есе жіберген парсы балуаны аталған жағдайды еске алды.  

Сол жолы еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы Камран Гасемпур 92 келіде Албаниядағы сында жартылай финалға дейін жеткен еді. Кездесуде 3:1 есебімен алда тұрып, 5:55 минутта жеңісті уысынан шығарып алған Иран өкілі жағдайдың өзі үшін ауыр соққанын жасырмады. Себебі, Садулаев оған 4 ұпайлық әдіс жасап, жеңіске жеткен еді.

«Маған бұл нәтижеге көну өте қиын болды. Өзімді өте нашар сезіндім және түні бойы ұйықтай алмадым. Түрлі ойлар мен қысымдар шыдатпады. Соған байланысты белдесуден кейін дәрі қабылдауға мәжбүр болдым», - деді Камран Гасемпур.

Алайда Камран Гасемпур Албаниядағы әлем чемпионатында 92 келінің қола жүлдесі үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Дэвид Тейлормен күресіп, 6-2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Арада төрт ай уақыт өткенде Тиранада өткен рейтингтік турнирде 92 келіде топ жарған Камран Гасемпур жеңіс тұғырына көңілсіз көтерілді.

Парсының белгілі балуаны алда әлем чемпионаттарына қатысумен қатар, қарымды қарсыластарынан кеткен есесін алуды көздейді. Бүгінде әлемнің белді балуаны саналатын Камран Гасемпур 2021 және 2022 жылдары 92 келіде үздік шыққан еді.

Жарнама
Жарнама