Қырғызстандық көкпаршы жарыс кезінде қаза тапты

Редактор
12.03.2025, 14:39

Спортшының жасы 45-те болған

kokboru.net

Бішкектегі жаңа ат спорты стадионында көкбөріден Наурыз мерекесіне арналған турнир кезінде «Бөрілү» командасының капитаны Мирлан Сраждинов қаза тапты.
Kloop сайтының мәліметінше, спортшының жасы 45-те болған.

«Елорданың шетінде орналасқан жаңа ат спорты стадионында көкбөру ойыны кезінде «Бөрілү» командасының 45 жастағы капитаны Мирлан Сраждинов қаза тапты. Қайғылы оқиға 12 наурызда Наурыз мерекесіне арналған турнир кезінде болды», - делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан спортшының салымды көтермек болған кезде атпен соқтығысып, құлап қалғанын көруге болады. Алайда көкпаршы сол күйі орнынан тұрған жоқ.

ІІМ мәліметтері бойынша, спортшы ауруханаға жеткізілгенге дейін қайтыс болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Материалда: