Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Грек-рим құрамасы бас бапкерсіз Азия чемпионатына барады

13.03.2025, 10:35

Бұл қызметке тіпті, кандидаттар да табылмай жатыр

Юрий Мельниченко. Фото: olympic.kz

Грек рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері әлі тағайындалмады. Бұл жөнінде федерацияның бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді. 

«Құрамада әлі бас бапкер жоқ. Оған әлі күнге дейін үміткер адам да жоқ. Иорданияда өтетін Азия чемпионатына құраманы аға жаттықтырушы Нұрым Дүйсенов бастап апаратын болады», - деді Димаш Сұлтанов.

Париж Олимпиадасынан соң грек-рим күресінің бас бапкері Юрий Мельниченко қызметінен өз еркімен кеткенін бұған дейін хабарлағанбыз. Қазіргі уақытта ол құрамада кеңесші бапкер қызметін атқарып жүр.

Өткен жылы Юрий Мельниченконың жетекшілігімен Қазақстан грек-рим күресі құрамасы нәтижелі өнер көрметті. Атап айтқанда, Париж Олимпиадасында 1 күміс және әлем чемпионатында 1 күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Азия чемпионатынан 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдегемен оралған болатын.

Жарнама
Жарнама