Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық спортшылар жаңа олимпиадалық спорт түрінен төрт алтын жеңіп алды

17.03.2025, 22:23

Аталған спорт түрі 2026 жылғы Олимпиада ойындарына кіргізілген

olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен ски-альпинизмнен өткен Азия кубогінде қазақстандық спортшылары жеті медаль жеңіп алды. 

Ски-альпинизмнің тік жарысында бақ сынаған Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев өз санатында жеңімпаз атанды. Ал, Нияз Жанұзақов күміс медаль алса, Денис Власов қола жүлдеге қол жеткізді.

Спринт жарысында Денис Власов пен Әсем Назырова алтын медальға ие болды. Нияз Жанұзақов екінші болып мәре сызығын кесіп күміс медаль еншілесе, Шыңғыс Байқашев төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, ски-альпинизм – 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ресми бағдарламасына қосылған спорт түрі.

Жарнама
Жарнама