Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиада комитетін тарихта тұңғыш рет әйел басқарады

Редактор
20.03.2025, 22:52

Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері президент болған Томас Бахты алмастырады

© Milos Bicanski / Stringer / Getty Images Sport

Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің оныншы президенті болып сайланды.
Дауыс беру Грекияның Коста-Наварино қаласындағы ХОК-тің 144-сессиясында өтті.

Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері президент болған Томас Бахты алмастырады. Бахтың 2025 жылдың ақпанында қызметтен кететінін ХОК Атқарушы комитеті қолдады.

Жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық олимпиадалық комитетін басқаратын алғашқы әйел басшы атанды. Сондай-ақ бұл лауазымға алғаш рет Африка құрлығының өкілі сайланды.

Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: