Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дмитрий Бивол Абдулрашид Садулаевқа жарыс алдында сәттілік тіледі

Редактор
22.03.2025, 10:17

Садулаев Тиранада өткен әлем чемпионатында 92 келіде топ жарған

Әлеуметтік желі

Кәсіпқой бокстан бірінші ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол Мәскеуге барған сәтінде белгілі балуанмен кездесті. Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевпен жүздескен Бивол оған Еуропа чемпионатындағы белдесулеріне сәттілік тілеген.

Бұл туралы балуан желіде жазба жариялады. Оның айтуынша, кездесу күтпеген жерден болған.

«Көргеніме қуаныштымын», - деп жазды Абдулрашид Садулаев.

Бұған дейін Ресейдің ішкі іріктеуінен сәтті өткен балуанның Еуропа чемпионатына күресетіні айтылған еді. 2024 жылы Париж Олимпиадасынан тыс қалған балуан қазан айында Тиранада өткен әлем чемпионатында 92 келіде топ жарған.

Сондай-ақ, былтыр Румынияда өткен Еуропа чемпионатына барған спортшыны Бухарест әуежайының кеденшілеріне виза мәселесінен кінәрат тауып, жарысқа қатысуға жібермеген еді. Сондай-ақ, оны өткен жылдың сәуір айының басында Бакуде өткен Еуропа аймақтық олимпиадалық іріктеу бәсекесіне де қатысуға ХОК тарапынан шектеу қойылған еді.

Жарнама
Жарнама